Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
Кіру
AA+
Құлсары қаласы, Завершинский көшесі, 56
+7 (702) 256 91 56
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі

2024-2025 оқу жылына Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық- техникалық колледжінің оқу- өндірістік тәжірибе бойынша іс -шаралар жоспары жасалып , жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оқу -өндірістік тәжірибенің мақсаттары бойынша әрбір мамандықтарға байланысты , колледж басшылығымен келісе отырып тәжірибе өткізілетін мекемелер анықталып сол бойынша 14 мекемемен келісім шарт жасақталды, сонымен қатар 8 мекемемен меморандумға отырдық. ( Жылыой аудандық оқу бөлімі, Жылыой аудандық полиция бөлімі, Жылыой аудандық спорт балалар мектебі ,Жылыой аудандық стадион, Мансап орталығы. Жылыой аудандық кітапхана, Жылыой аудандық қаржы бөлімі, БТкорпорациясы Жасулан компаниясы).
Оқу -өндірістік тәжірибенің гарфигі оқу жоспарына байланысты жасалды: 
1ші курстарда оқу практикасы жоқ .
2курстарға колледжішілік оқу практикасы болды , 1-ші семестрде 6апта 2-семестрге 6аптадан болды
3 курстарға «Есеп және аудит» 3курс студенттері Жылыой аудандық қаржы бөлімінен және «Құқықтану» 3 курс студенттері Жылыой аудандық полиция бөлімінен кәсіби тәжірибеден өтуге жолдама берілді.( 10-12 апта)
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша 3 курс студенттері колледжішілік оқу практикаларынан толықтай өтті ( 10 апта). 
4курс «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», мамандығы бойынша қаламыздағы №5,18,20 мектептерде және ӘСЕМ-2 бөбекжайларды кәсіби практикадан өтті.(21апта)
 4курс«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша № 6, 9, 18, 21 ,8 ,7 және № 2 Косшағыл мектептерінде кәсіптік практикадан өтті.(16 апта)
 4курс«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша № 5, 8, 18, 9 және №1 Жылыой балалар спорт мектептерінде кәсіптік практикадан өтті (18 апта)
Студенттерге таныстыру , оқу , кәсіптік практиканың мақсаттары мен толықтай таныстырылды және практикаға кетер алдында қауіпсіздік шаралары туралы мағұлмат берілді. Студенттер барлық өткен кәсіптік және педагогикалық тәжірибе бойынша берілген тапсырмаларға құжаттарды жинақтап күнделіктерін толтырып, практика есептерін тапсырды.
Жоспарға сәйкес бітіруші түлектер арасында «Лидер- стратег»тренингі өткізілді. Мақсаты : Ұжыммен бірлесе жұмыс жасау қабілетін көрсету ,болашақ түлектердің жаңа әлеуметтік ортамен қатынас жасауы. Топты ортақ бағалау және ішіндегі жауап берген тапқыр көшбасшыны анықтау. Бітіруші түлектерден 5 команда қатысты.  Бұл жерде студенттер бір колледжде оқитынын , өзара достық қарым-қатынас бар екенін ұмытпау керек , бірақ бір -біріне конкурент болады.Өздерінің есімдерінің алғашқы әріптеріне сәйкес мотивациялық бір сөз айту , қайталанбау керек . тілектер айтылмау керек. Тренинг өте сәтті өтті, студенттерге ұнады.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып ресми түрде жарияланды. Бұл шешім — еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін көтеру мақсатында қабылданған маңызды қадам. Өндірістік жоспарға сәйкес «Мен таңдаған мамандық – болашағымның бастауы» колледжішілік семинар өтті. .
Қатысушыларға тапсырма беріп , мамандыққа қатысты нақты жағдайларды шешу арқылы тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Семинарымыздың негізгі бөлімі презентациялар :.
Мамандықтың ерекшеліктерімен, маңыздылығымен және не үшін баурап алғаны туралы қазіргі студент, болашақ мамандарымыз
«Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Галем Ардақ,
«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Амангелді Бейбарыс, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша 4 курс студенті Айтбайқызы Ева ,« Құқықтану» мамандығы бойынша 3 курс студенті Ғарифолла Арман., «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 
4 курс студенті Жарылғасынов Ақылбек, «Менеджмент» мамандығы бойынша 2 курс студенті Умирзаков Бекзат, «Бастауыш білім беру шет тілі» мамандығының 4 курс студенті Тынышбай Жарқынай қызықты етіп баяндап берді. Семинарға Мансап орталығының, Жылыой аудандық Білім беру бөлімінің мамандары, Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Аудандық Білім беру мекемелерінде мамандарға сұраныс жағдайын анықтап жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, биылғы оқу жылындағы түлектер Еңбек Kz.сайтына толықтай тіркелді. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтарының түлектері ПББ тестілеуге қатысып, төмендегі нәтижені көрсетті.

2024-2025 оқу жылындағы колледж студенттерінің  ПББ тестінен сараптама.

Көк- студент саны

Қызыл- ПББ тапсырған студент саны


2022-2023 оқу жылының оқу – өндірістік жұмысы бекітілген оқу – өндірістік жұмыс жоспарымен жүргізілді. Өндірістік практика мекеменің негізгі ережесімен және өндірістік практиканы өткізуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 107 бұйрығы негізінде орындалады. Өндірістік практика оқу жұмыс бағдарламалары және оқу жұмыс жоспарларына  сәйкес оқу, өндірістік, дипломалды практикамен анықталады.  Әр практика түрінің өз мақсаты мен негізгі міндеттері бар. Циклдік – әдістемелік комиссия отырысында өндірістік практиканың жұмыс жоспары қаралады. Кәсіптік практика келісілген оқу жұмыс жоспарымен өткізілді, студенттер практика соңында комиссия мүшелерінің алдында дипломалды, өндірістік, педагогикалық тәжірибелерін қорғап өз бағаларын алады. Әр  өндірістік тәжірибе бұйрық және тіркеу журналына бекітіледі. 

2022-2023 оқу жылының 05.09. 2022  – 30.09. 2022 аралығында 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 -4 / 11 – 3 курс, 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 3  / 11 – 2 курс, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140102 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 3 студенттері оқу тәжірибесінен өтті. Соның ішінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 - 4 / 11 – 3 курс, 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 3 курс, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140102 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 3 курс студенттері №1, №4, №5, №1, №15,   №21, №16, №18, №8, №9, ДЮСШ №3, №2   мектептер   өндірістік және дипломалды тәжірибе базасы ретінде тандап алынды.

26.12.2022 – 06.01.2023 аралығында 04210100 «Құқықтану» 4S04210101 «Заңгер» – 9 – 3 курс студенттері Жылыой ауданы полиция бөлімінде өтті.

 05.12.2022 – 30.12.2023 аралығында 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» - 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» 9 – 4 курс, 26.12.2022 – 20.01.2023 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» - 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» 9 –3 курс студенттері «Балапан», «Аққайын», «Әсем 2», «Анашым», «Гүлдәурен», «Балауса», «Өркен 1», «Мейірім» бала бақшаларында өтті. 

2022 – 2023 оқу жылының  екінші жартысында 06.02.2023 – 17.03.2023 аралығында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 4 курс, 06.02.2023 – 24.03.2023 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 - 3 курс, 15.05 – 09.06.2023 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 2 курс, 13.02 – 24.03.2023 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - 4S01140102 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» 9 – 3 курс студенттері педагогикалық тәжірібиден өтті. Тәжірибе №1, №21, №16, №18, №8, №9, №4, №5 мектептерінде өтті. 

06.02.2023 – 14.04.2023 аралығында 04130100 - «Менеджмент (қолдану салалары бойынша)» - 4S04130101 – «Менеджер» 9 – 3 курс мамандығының студенттері Жылыой ауданы халыққа қымет көрсет орталығында өтті.

06.02.2023 – 03.03.2023 аралығында 04210100 «Құқықтану» 4S04210101 «Заңгер» – 9 – 3 курс студенттері  Жылыой ауданы полиция бөлімінде кәсіптік тәжірибеден өтті.

13.02.2023 –31.03.2023 аралығында 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» - 4S01140501 «Дене тәрбиесі мұғалімі» 9 - 3 курс, 20.02.2023 – 31.03.2023 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» - 4S01140501 «Дене тәрбиесі мұғалімі» 9 – 4 курс студенттері №1, №20, №19, №18, №8, №9, ДЮСШ №2 мектептерінде өтті.

Тәжірибе барысында практика жетекшілерінің пікірлері студенттердің теориялық дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.