Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
Кіру
AA+
Құлсары қаласы, Завершинский көшесі, 56
+7 (702) 256 91 56
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі
Колледж туралы

Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі  12 жылдық тарихы бар облысқа белгілі колледждер қатарында. 2011 жылдың қыркүйек айында  Ақтөбе гуманитарлық – техникалық колледжінің Құлсары филиалы болып өз жұмысын бастады. 2012 жылы Атырау облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі лицензия № 0158798 шешімі негізінде Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі болып қайта құрылды. 2015 жылы колледжіміз Байсырымов Темірхан Сыдыиықұлы атағына ие болып, 2 қатарлы ғимаратқа көшті. 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  ұжымды Абдигалиева Мадина Сабыржановна басқарып келеді.

Колледжде магистрлар, жоғары санатты оқытушылар магистрлар білім береді.

12 жыл ішінде колледжімізден 1182 студент аяқтап, оның ішінде  үздіктер саны - 110. Бүгінгі таңда колледжімізде 359 студент білім алуда, оның ішінде 90 студент колледжді бітіргелі отыр.

Жылыой ауданы  бойынша колледжіміз техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2 орында тұр. 2016, 2017, 2018,2019 жылдары «Білім беру саласындағы жыл үздігі», колледж студенттері аудандық, облыстық және республикалық олимпиада, спортакиадада зор жетістікке жетіп, Worldskills кәсіби шеберлік чемпионатында  «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығының II курс студенті Қайратқызы Перизат жүлделі II орын және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының III курс студенті Жардемова Мейрамгүл «Үздік чемпион» номинациясына ие болды.

Колледж өз жұмысында 35 серіктестермен, оның ішінде Жылыой ауданы білім беру бөлімі, Жылыой ауданы Полиция бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі, Жылыой аудандық Кітапханасы, Светланд – Ойл мекемесімен келісім-шартқа отырып, білім алушыларды тәжірибеден өтуге қамтамасыз етіп отыр. Колледжден бітірген студенттеріміз 80% жұмыспен қамтылған.

Колледждің материалдық – техникалық базасы 70% - ға жабдықталған.

Толығырақ
Біз картада