2024 – 2025 оқу жылына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жасалған жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының қорытынды есебі
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ
1 қыркүйек – Білім күнінде Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжінде “Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!” атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: 1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс. 2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру. 3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау. Шара соңында 1 курс студенттеріне әрбір мамандық жайында толық мәліметтер беріліп,колледж ішінде, колледж мұражайына экскурсия жасалды. “Құқықтану”, “Менеджмент” мамандығының 2 курс студенттерінің топ жетекші Саматова Әйгерім Саматқызы “Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!” атты кураторлық сағатын өткізді.
Қыркүйектің алғашқы аптасы түсінік жұмыстарымен басталды. Директордың тәрбие - ісі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы
І курстың білім алушыларына жиын өткізді. Жиын барысында: колледждін жалпыға ортақ ішкі-тәртіп ережелерін, тисті колледж заңдары мен студент құқықтары, міндеттері баяндалды.
Директордың ақпарат жөніндегі орынбасары Саматова Әйгерім Саматқызы 1 курс студенттерге EDUS онлайн платформасы туралы ақпарат беріліп, студенттеріміз жүйеге тіркелді.
Колледж психологы Арайлым Асқарқызы 1 курс студенттеріне “Кел,танысайық”тренингін өткізді. Тренинг мақсаты: бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
Директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы және колледж психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызы 1 курс студенттеріне “Қыз бала - отбасының шырайы” тақырыбында қыздар кеңесін өткізді. Мақсаты қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Колледждегі әрбір қызбалаға ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру.
«Отбасы күніне» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес колледж студенттеріне «Отбасым - менің мерейім» тақырыбында семинар өтті. Семинарға колледж психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызы, тәжірибелі психолог Абдулова Гульзаря Марксовна , тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жылыой ауданы полиция бөлімінің кәмілетке толмағандардың аға инспекторы Ташекенова Айзада Бердибековна қатысты.
Шара барысында қазіргі қоғамда балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы жолындағы аналардың рөлі туралы, жастар арасындағы құқықбұзушылық, оның орын алу себептері, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы агрессивті мінез-құлық мәселелер талқыланды. Студенттер өз сұрақтарына нақты жауап алды.
5 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ
5 қыркүйек еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Кәдірбаева Динара Әділғазықызы “Ана тілім - арым бұл” атты тәрбие сағаты өткізді.
Мақсаты: Студентттерге ана тілінің маңыздылығын түсіндіру; Ана тілін құрметтеуге және сақтауға баулу; Тіл байлығын арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Студенттерге тілдің адам өмірінде, ұлт өмірінде алатын орны туралы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ғылыми еңбектері туралы ақпарат берілді. Колледж студенттері тәрбие сағатына белсене қатысып, әр- турлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берді. Әр сұраққа дұрыс жауап берген студенттерге тәтті сыйлықтар улестірілді.
“Тәрбие тамыршысы” жоба аясында колледждің ерікті студенттері «Қоғамдық көліктегі Біз!» атты акциясын ұйымдастырды.
1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Қарттарымызды төл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табысталды. Игі шараға колледждің ерікті студенттері мен ұстаздары белсене атсалысты.
ЕҢБЕК КҮНI — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде аталып өтедi. Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келедi.Мереке аясында колледжіміздің “Құқықтану” мамандығының бітіруші түлектерінің өндірістік тәжірибе кезеңіндегі тәжірибе меңгерушілері Жылыой ауданы Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция лейтенанты Жүсіп Райымбек Әділханұлы, Жылыой ауданы Полиция бөлімінің потрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Молдажанов Рүстемнен сұхбат алып, студенттерге жақсы деген баға беріп, алдағы еңбек жолдарына сәттілік тіледі.
2023 жылғы колледж түлегі ең алғашқы Еңбек жолын Жылыой аудандық Полиция бөлімінде бастаған Акилбай Райгүл студенттерге сәттілік тіледі.
5 ҚАЗАН - ҰСТАЗДАР КҮНІ
5 қазан – Ұстаздар күніне арналған “Ұстаз! Сіздің алдыңызда…” атты колледждің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Шара барысында колледж директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гүлзия Закарьевнаның барша ұстаздарды құттықтауымен бастау алып, колледж студенттерінің өнерімен жалғасын тапты.
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
25 қазан - Республика күніне орай “Еңсесі биік - егемен ел” атты мерекелік шара өтті. Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гүлзия Закаревна құттықтау сөз сөйлеп, студенттер дайындаған мерекелік іс - шара жалғасын тапты.
25 қазан - Республика күніне орай ұйымдастырылған үш колледж студенттері арасында өткен Жас сарбаз әскери патриоттық сайысына қатысып, “Құқықтану” мамандығы 2 курс студенттері Биболұлы Нұржан және Жолдасқызы Ақмарал жүлделі 3 орын, “Құқықтану” мамандығы 1 курс студенті Ертілеу Наурызбек және “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының 2 курс студенті Бошан Ұлболсын Алғыс хатқа иеленді.
«Оқуға құштар колледж» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын.Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы.
15 ҚАРАША - ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ
15 қараша - Жұмыс берушілер күніне орай колледжішілік оқу - өндірістік меңгерушісі Султашева Зина Штаконовнаның ұйымдастыруымен бітіруші студенттер арасында “Лидер - Стратег” teambuilding өтті. Тимбилдинг 5 турдан тұрды: “логотип құрастыру”, “сөзді тап”, “соқыр фигура”, “газет шеңбері”, “өлеңді құрастыру”. Сайыс нәтижесінде:
1 орын “Бес жұлдыз”командасы, 2 орын “Бүркіт” командасы, 3 орын “Жеңіс” командасы иеленіп, “Үздік - Смарт”, “Үздік зияткер” Казакбай Темірлан , “Үздік көшбасшы” Амангелді Бейбарыс, “Тапқыр команда” Еркіндік командасы, “ Үздік - стратег” Тасболатов Асылбек, Галем Ардақ, Омарова Дильназ үздік номинациялары бойынша марапатталды.
17 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ
12 - 15 қараша аралығында 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне орай Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен Studfest - 2024 колледжаралық фестиваль ұйымдастырылады. Фестивальдің алғашқы сайысы колледжаралық волейболдан ерлер және қыздар арасында спорттық ойын ұйымдастырылды. Қолледж құрамасы биік тұғырынан көрініп жүлделі 1 орын алып, Кіші кубок иеленді.
12 - 15 қараша аралығында Халықаралық студенттер күніне орай Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен Studfest - 2024 колледжаралық фестивальдің қорытынды марапаттау кеші өтті.
Волейбол сайысы бойынша 1 орын кіші кубок
Вокал сайысы бойынша 1 орын кіші кубок
Жайдарман сайысы бойынша 1 орын кіші кубок
Интеллектуалды ойын бойынша 1 орын кіші кубок
Дебат пікір сайынан 2 орын, мобилография 2 орын иеленіп, сайыс нәтижесінде 4 кіші кубокты иеленген Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі жүлделі 1 орын және ақшалай сыйлық иеленді.
Колледждің Үздік студенттері Амангелді Бейбарыс және Галем Ардақ Жылыой ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қоғамдық іс - шараларға белсенді атсалысқан студенттеріміз Жарылгасынов Акылбек, Сырымова Аружан, Ғарифолла Арман, Қазақбай Темірлан, Насипбаева Айәсем және Мақымғали Амангүл Жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Шара Жылыой өнерпаздары мен колледж студенттері өнерімен жалғасын тапты.
17 қараша - Халықаралаық студенттер күніне орай “Студенттік өмір - қызықты көңіл” атты колледж қабырғасында мерекелік шара өтті.
Колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабиржановна айтулы мерекемен құттықтап, 12 - 15 қараша аралығында өткен аудандық колледжаралық Studfest - 2024 байқауын қорытындылап, Studfest - 2024 үздік колледж номинациясы берілген ақшалай сыйақыны студенттерге табыстады. Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гүлзия Закарьевна 1 курс студенттерін колледж бұйрығы негізінде студент қатарына қабылдап, сынақ кітапша табыстады. Шара колледж өнерпаздарының өнерімен жалғасын тапты.
Колледжіде студенттік парламенттің ұйымдастыруымен “Chocolate day” ерекше күнін атап өтті.
Максаты: Білім алушылар, ұстаздар, қызметкерлер арасындағы сыластықты нығайту, әрбір жанға қуаныш сыйлау, жүректеріне жылу ұялату, жүздеріне күлкі сыйлау болды.
16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалды сайысы өтті.
3 қатысушыдан құралған 3 команда білім сайысы бойынша жарысып, нәтижесінде “Атамекен” 3 орын, “Парасат” 2 орын, “Бәйтерек” 1 орын иеленді.
23 желтоқсан күні сағат 12:00 де “Еркін тыныс ал!” жалпы Республикалық челленджі өтті. Мақсаты: жасөспірімдердің салауатты өмір салтына ұмтылысы мен қажеттілігін қолдау, олардың темекі шегудің зияны, оның ағзаға тигізетін теріс салдары, адамның жалпы жағдайына, әл - ауқатына және өмірлік белсенділігіне теріс әсері, құрамында никотин бар өнімдерді тұтынудың негізгі қауіптері мен салдары туралы хабардарлығын арттыру, сондай - ақ зиянды әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты танымал ету.
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кәдірбаева Динара “Қазақ поэзиясының алып тұлғасы” атты тәрбие сағатын өткізді. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы арқылы жастарға рухани тәрбие беруді мақсат етіп, заманауи әдістерді қолдана отырып, жаңа ұрпақты өнер мен адамгершілікке баулу – біздің ортақ міндетіміз.
Жылыой аудандық Орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Джоан Роулинг фэнтези романдарына негізделген
Quiz ойыны өтті. Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттерінен құралған КГТК ЖАСТАРЫ командасы Алғыс хатқа ие болды.
Жылыой аудандық орталық кітапханасында “Ұлы жеңіске 80 жыл”, “Бір ел - бір кітап”, “Еңбек түбі - береке” атты кітаптар көрмесіне колледж студенттері шолу жасады. Мақсаты: жаңа əдебиеттермен таныстыру, насихаттау, кітап оқу мəдениетіне тəрбиелеу.
Колледж психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызы ұйымдастыруымен Жылыой аудандық емхананың психолог маман Естебаева Алтынгуль Калабаевна мен “Ерте жастан жүктіліктің алдын алу және оның жасөспірім қызбалалардың денсаулығына зияны” атты кездесу өтті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, студенттер жақсы көңіл-күймен тарқасты. Қыздар өз пікірлерімен бөлісіп отырды.
14 ақпан - «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» Республикалық акция аясында Төтенше жағдайлар бөлімі №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Орысбаев Нурсултанмен кездесу өтті. Студенттер төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді қандай әрекет жасауды, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралдарының дұрыс қолданылуы көрсетілді.
Колледждің белсенді студенттері Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірге қарттарға қол көмек көрсетті.
1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай “Алғысым шексіз” шарасы өткізілді.
Шара аясында колледждің белсенді студенттері мен ұстаздары ардақты да аяулы басшымыз Мадина Сабиржановнаға ерекше алғыстарын білдірді.
8 НАУРЫЗ - “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ
8 Наурыз - “Халықаралық, қыздар, әйелдер, аналар” күніне арналған «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дуниенің өзі тек аналармен ажарлы. Колледжіміздің ұстаздары мен аруларына арнап, студенттеріміз ән айтып, би билеп, көріністер қойып керемет көңіл куй сыйлады.
22 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау мақсатында онкүндік ұйымдастырылды.
14 наурыз - Көрісу күні.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мерекенің халқымыз үшін айрықша орны бар. Бұл – игі істеріміз бен ізгі амалдарымыздың, бауырмалдық салтымыздың жарқын көрінісі. Амал мерекесі – халқымыздың бірлігін нығайтып, ағайынның ынтымағын арттыратын тамаша дәстүр.
15 наурыз - Мейірімділік күні
Бұл күн мейірімділік пен татулықты, сыйластықты ұштастыратын күн. “Мейірімділік күнінде” колледж ұстаздары мен студенттері “мейірім құшағы - жүрек жылуы” деген ұранды ұстанып бір-біріне жылы лебіздерін арнады.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурыз мейрамында халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Саматова Әйгерім Саматқызы «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенттеріне “Салт дәстүрім - асыл қазынам” атты интеллектуалды ойын өткізілді.
17 наурыз -Шаңырақ күні
Студенттер анасына және бауырларына соғып жүрекжарды лебізін білдіріп, жылы сөздерімен қуантты. Отан отбасынан басталады…
Қара шаңырақтың әр мүшесі маңызды. Жақыныңызға жиі жылы сөз айтып жүріңіз. Жылы сөз жан жылытар.
18 наурыз - Ұлттық киім кию күні
Ұлттық киімдерді дәріптеп, құрметпен қарау және оны күнделікті кию — әрбір өскелең ұрпақтың парызы. Себебі, ұлттық киім қазақ халқының тарихынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертетін халық қазынасы.
Хакім Абайдың «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады» деген сөзі бар.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
“Қош келдің, Әз - Наурыз” мерекелік кеш өтті. Шара барысында колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабиржановна құттықтау сөз сөйледі. Ата – баба дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асым мұра деп бекер айтылмаған. Студенттеріміз халқымыздың салт – дәстүрлері соның ішінде: жар - жар, көрісу, тұсаукесер салт -дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық ойындар ләңгі, гір тасын көтеру сынды ойындары ойналды. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, шашу шашып, наурыз дастарханын жайып, ән шырқап, үлкендердің батасын алып наурыз тойын дүркіретіп өткізді.
2024 - 2025 біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жастардың жаман әдеттен аулақ болуы соның ішінде нашақорлық, құқық бұзушылықтан сақтану, жастар арасындағы достық қарым - қатынасты нығайтып, буллинг қарсы іс - әрекеттен аулақтану, қоғамдық орында таза ұстау, салауатты өмір салтын ұстану мақсаттарында колледж студенттері арасында TEAM BUILDING ұйымдастырылды. Тимбилдингке колледж парламент студенттері фракция жетекшілері және колледж оқытушылары қатысты. Ойын барысында түрлі белсенді ойындар ұйымдастырылып, студенттері time management сақтау, критикалық ойлау, коммунациялық байланыс, командалық қасиеттері нақтыланды.
1 МАМЫР – ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ КҮНІ
1 – Мамыр халықтар достығы күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қазақстан– татулық пен бірліктің кепілі» атты мерекелік кеш өтті. Бірлік – ел тірегі, татулық – туыстықтың белгісі. Бұл мереке – әрқайсымыздың жүрегімізге жақын! Ұлттар достығын дәріптеу мақсатында ұлттардың мәдениеті, өнерлері, салт - дәстүрлерімен таныстық.
9 МАМЫР - ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ
Бұл мереке - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы күн. Бұл - ХХ ғасырдың қанды беттеріне айналған соғыс жылдары мен Жеңіс күні ата-бабамыздың ерлік рухына тағзым ететін мереке, еске алу куні.
Ұлы Отан жеңісінің 80 жыл толуына орай Жылыой аудандық шеруге колледж ұжымы “Мәңгілік алауға” Отан үшін ерлік еткен батырларымыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
15-МАМЫР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
15-мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Жылыой жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Отбасы - шағын мемлекет” тақырыбында ауданның үлгілі отбасыларының қатысуымен дөнгелек үстел отырысы өткізілді. Дөнгелек үстел барысында жас студенттерге отбасы құндылықтары туралы ой қозғалып, сұрақ - жауаптар алмасты.
15-мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай колледж психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызының ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата - аналарға арналған тренингі өтті. Жиын барысында колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабировна, өндірістік тәжірибе жетекшісі Султашева Зина Штаконовна және директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гулзия Закарьевна ата - аналарды отбасы күнімен құттықтау сөз сөйлеп, жыл қорытынды есебін айтып өтті.
31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.
Т.Байсырымов колледжінің орыс тілі және орыс әдебит пән мұғалімі Умарова Гания Бадаубаевна 1 курс студенттеріне “Қуғын-сүргін құрбандары” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: саяси қуғын- сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны білім алушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, білім алушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.
БІТІРУ КЕШІ
25 маусым күні колледж бітіруші түлектеріне арналған «Ақ жол саған, жас маман!» атты мерекелік кеш өтілді. Шара барысында колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызы құттықтап сөз сөйлеп, бітіруші түлектерімізге диплом табыстады. Мерекелік кеште қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрген студенттеріміз Ғарифолла Арман және Қазахбай Темірлан Жылыой ауданының Әкімі Алғыс хатымен марапатталып, «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Баймағамбетова Дана «Жастар ресурстық орталығының» Алғыс хатымен студенттерді марапаттады.
Колледж өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, колледжден тыс жерлер де яғни республикалық, аудандық, облыстық байқауларға, облыстық олимпиадаларға қатысып жүрген түлектерімізді және ата – аналарымызды «Колледж директорының» алғыс хаттарымен марапаттап, сонымен қатар 4 жыл бойы студенттік өмірге қанық болған бітіруші студенттеріміз бен ата – аналарымыз құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді. Шарамыз әрімен қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫ КЕЗДЕСУ
Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Жанұя және бала” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында “Қылмыс және жауапкершілік” атты кездесу өтті. Жиналыска Полиция майоры әкімшілік қамаққа алғандардың арнайы қабылдау орнының бастығы Сериков Рустам Маратович, Жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Сақышова Айнұр Құралбекқызы, Жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Калешов Ислам және Криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Аблаев Ильяс Марленович қатысты. Жиналыста кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу сондай-ақ, діни экстремизм, терроризм туралы және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп тұруға байланысты дағдыларды нығайту түсінік берілді Оқытудың зайырлы сипатын сақтау мақсатында, сондай-ақ жасөспірімдер ортасында діни экстремизмнің алдын алу жөнінде оқушылары арасында ақпараттар өткізді.Студенттерге діни экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беріліп, оның түрлері, себептері мен зардаптары ұғындырылды.
Діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу қажеттілігіне баса назар аударылды.
Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Кенжегалиев Асхат және «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Думан
Мұратұлымен «Ғаламтордағы тордан сақтан, жас ұрпақ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттердің колледж ережелерін сақтап, діни жоралғыларды колледж ғимаратына еткізуге тыйым салынатыны туралы, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан болған сұрақтарға түсіндіру бағытындағы жауаптар берілді, ой-пікірлер тыңдалды.
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы бастамасымен Іскер ханым қоғамдық қорының директоры Мухсинова Асия Нариманқызы мен спикер қоғам қайраткері Сандыбаев Мейірбол мырзамен “Құмар ойындарға тәуелділік” атты кездесу өтті. Мақсаты: студенттерге құмар ойындары деген не, оған адам қалай тәуелді болады және оның зардабының қандай болатынын түсіндіре отырып, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру. Лудомания – құмар ойындарға потологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Соңғы жылдары елімізде құмар ойындарына тәуелділік белең алып барады. Лудоманияның алдан алу мақсатында жан-жақты ақпараттар беріліп, құмар ойындарына деген тәуелділікке түсіп қалмау бойынша кеңестер айтылды.
Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Нашақорлық қоғам дерті” атты студенттермен кездесу өтті. Жиналыска Полиция майоры әкімшілік қамаққа алғандардың арнайы қабылдау орнының бастығы Сериков Рустам Маратович, Жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Сақышова Айнұр Құралбекқызы, Жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Калешов Ислам қатысты. Кездесуде тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, “Закладка” киносы көрсетіліп, арнайы таныстырылым мен бейнероликтер көрсетілді.
Жылыой аудандық Төтенше жағдай бөлімі колледж студенттеріне оқу - жаттығу өткізді. Ұстаздар мен студенттер төтенше жағдай орын алған кезде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндірді.
Директордыың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Террозимге қарсы қауіпсіздік сақтау” тақырыбында видеоролик көрсетіп, қауіптіліктің сақтану жолдарын баяндады.
Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі және волонтерлардың қатысуымен “Нашақорлыққа жол жок!”, “Буллингке қарсымыз”, “Ерте жүктіліктің алдын алу” атты мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжінің “Бастауыш білім беру” мамандығының 4 курс студенті Галем Ардақ Абатовна “Буллинг - жастардың қасыреті” атты баяндама оқып, қазіргі таңда жастардың буллингке қарсы екендігі туралы пікір білдірді.
Жылыой ауданы Полиция бөлімінің мамандарымен «Заңды сақтау – өзіңді қорғау» “Нашақорлыққа жол жоқ ” тақырыптарында колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Полиция майоры әкімшілік қамаққа алғандардың арнайы қабылдау орнының бастығы полиция майоры Сериков Рустам Маратович Жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Сақышова Айнұр Құралбекқызы, Жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Калешов Ислам және КПБ полиция майоры С.Шаукеров қатысты.
Нашақорлықтың және есірткінің алдын алуға бағытталған “Заңды сақтау- өзіңді қорғау”, “Нашақорлыққа жол жоқ!” атты кездесу өтті. Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Бисенгалиев Нариман Қанатжанұлы, Жылыой ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция кызмет бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Сақышова Айнұр Құралбекқызы, Жылыой аудандық орталық емханасының нарколог дәрігері Мусина Зарифа Шамшадиновна және Жастар ресурстық орталығының маманы Алпысбаева Жансулу Жарылкасыновна қатысты. Кездесуде жастардың нашақорлыққа салынуының басты себептерін түсіндіре отырып, адам өміріне тигізер әсері мен нашақорлықтың алдын алу жайлы бейне-баяндар көрсетті.
Жылыой ауданы Қорғаныс істер бөлімі және Ұлттық Ұлан өкілімен әскерге шақыру: «Міндет пен мүмкіндік» тақырыбында ұлдар арасында жиналыс өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 5546 Әскери бөлімінің штаб бастығының аға көмекшісі (Әскери шақырушыларды іріктеу және зерделеу жөніндегі) лейтенант Н.С. Абдуллаев қатысты. Қазақстан Республикасының Қорғаныс істер бөлімі және Ұлттық Ұлан туралы баяндама жасап, онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері, әскердің имиджі және әскери қызметті өткерудің артықшылықтары туралы айтып берді, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша тәжірибелік ұсынысдар берді және колледж түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында лайықты орын алуға шақырды. Колледждің студенттеріне Ұлттық Ұлан жоғары академиясына оқуға түсуге және әскери борыш өтеуге шақырды.
Жылыой аудандық Прокуратурасының прокуроры Қамат Аян Теміржанұлы, Куспанов Думан, зейнеткер прокурор Есалиева Жанат Ерболқызы және Әжелер кеңесінің төрағасы Тасболатова Роза студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-2 курс студенттері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында студенттердің құқықтары мен қауіпсіздігі туралы маңызды ақпараттармен қатар заңның негіздері, құқықтық жауапкершілік және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, пікір алмасты.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Кәсіптік бағдар беру- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі.
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық -техникалық колледжінде “Кәсіптік бағдар беру” Ашық есік күні өтті. Ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары колледждің тыныс – тіршілігімен танысу мақсатында экскурсиясын жасады. Директордың тәрбие - ісі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы колледжді таңдаудың барлық артықшылықтары мен оқуға түсу шарттары туралы егжей - тегжейлі айтып түсіндірді.
Директордың тәрбие - ісі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы мен арнаулы пән оқытушысы Насипкалиқызы Базаргүл Жылыой ауданындағы № 1, № 21 жалпы орта білім беретін мекемелердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт - насихат жұмыстары жүргізіп бастады.
Колледжінің психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызы мен директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Саматова Әйгерім Саматқызы Жылыой ауданындағы № 8, № 20, № 5, № 7 жалпы орта білім беретін мекемелердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді.
Директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Саматова Әйгерім Саматқызы мен директордың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Темірханова Жадыра Қайырбекқызы Жылыой ауданындағы № 16, № 18, № 13 және ауданның жалпы орта білім беретін мекемелердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында үгіт - насихат жұмыстары жүргізілді.
Колледждің белсенді студенттері Жылыой аудан тұрғындарына колледж туралы ақпарат беріп, үгіт - насихат жүргізді.
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі
Тәрбие жұмысының басты мақсаты мен міндеті – мәдени-ғылыми көзқарастары, жоғары азаматтық ұстанымы бар бәсекеге қабілетті, креативті, төзімді студенттерді, өз елін сүйетін нағыз патриоттарды дайындау. ҚР білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығы негізінде және үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Концепциясына сәйкес МҒБК тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жүргізіледі.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
- Рухани-адамгершілік тәрбие ;
- Ұлттық тәрбие;
- Отбасы тәрбиесі;
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Кураторлық сағаттар әр сәрсенбі сайын айына 2 рет өткізіледі, бұл куратор мен білім алушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Топ кураторларының тәрбие жұмысының жоспары директордың ТЖ жөніндегі орынбасарымен келісіліп, бекітілді. Колледжде кураторлар кеңесі жұмыс істейді.
Тәрбие жұмысы оқу жылының басында бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Жоспардың мазмұны жеке өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі сәтті жүзеге асыруға және өзін-өзі анықтауға, көп мәдениетті тұлға мен бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеуге, студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Құқық бұзушылық және оның алу алдын-алу шаралары бойынша жоспарға байланысты «Шапағат» қорының теолог маманы Нұрниязов Ақылбек колледж студенттерімен «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын – алу құралы» атты тақырыпта кездесу жиыны өтілді. Кездесу барысында діни экстремизм, терроризм туралы ақпарат айтылып, ҚР Конституциясында дінге байланысты тармақтар, бүгінгі таңда өзекті болып отырған түрлі діни мәселелер талқыланды. Дін тану сауаттылығы мен кімнің сүрелерін, қандай кітаптарға негізделіп оқу керектігін айтты.
Патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Студенттердің бойында ұлттық патриотизм мен азаматтықты, сондайақ құқықтық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында, колледжде мынадай тәрбиелік іс-шаралар дайындалып өткізілді: Конституция күніне арналған бірыңғай ақпараттық сағаттар; дәстүрлі іс-шаралар, Білім күні, «Студенттерге арнау», қала күні, Қарттар күніне, Мұғалімдер күніне, Қазақстан Республика күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар, апталық шеңберіндегі іс-шаралар: конкурстар, зияткерлік ойындар, сабақтар, фотокөрмелер, кітап көрмелері, онкүндіктің ашылуы мен жабылуы концерттері және тәрбие cағаттары өткізілді.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Мақсаты: Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлға-ның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруға болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерді іске асыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында колледжде «Саналы ұрпақ» студенттік клубы жұмыс істейді.
9 - желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні топ жетекшілері «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында ашық сабақтар өткізді, студенттер әлеуметтік бейнероликтер дайындады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігінің тапсырмасымен «Antikor Ortalygy» туралы студенттерге түсінік жұмыстары жүргізілді.
«Әдептелік- адамгершіліктің белгісі», «Адал достық», «адал болу» тақырыбында тәрбие сағаттары, бейнероликтер өткізілді.
Студенттеріміз «Жүректен – жүрекке» атты мейірімділік акциясын өткізді.
Колледж психологы «Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты күйзеліс жағдайында психологиялық қолдау көрсету тренингі өткізілді.
Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Тәрбие үрдісі бағыттарының бірі ұлттық тәрбие болып табылады.
Мұнайшы, өнертапқыш,ізденімпаз, қоғам қайраткері Темірхан Байсырымовтың туылғанына 81 жыл толуына орай "Дана тұлға, дара тұлға" атты колледж музейінде мерекелік шарасы өтілді.
«Менің туым – менің Қазақстаным!» атты студенттердің қатысуымен патриоттық флешмоб өтті. Флэшмобқа 75 студент қамтылды.
25 қазан – Республика күні мерекесіне қарсаңында «Атамекен» жалпы республикалық патриоттық тақырыбында диктант өткізіліп, жаппай мемлекеттік әнұран айтылды. Республика күніне “Айбарлы,асқар елді Қазақстан” атты мерекелік шара өтілді.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Жігерді жаныған желтоқсан» тақырыбында мерекелік шара өтілді. Шараға желтоқсан оқиғасының куәгері Нұржанов Бақтыбай Баймұратұлы қатысып өзінің естеліктерімен бөлісті.
Алаш қайраткерлерін еске алу, олардың мұрасын жастарға таныту аясында ұйымдастырылған «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» атты апталық өтілді. Апталықта, «Алаштың Әлиханы» атты тәрбие сағаты, «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» және «Мағжан Жұмабаев: Мен жастарға сенемін!» фильмдері, «Алаш аманаты» атты көрме ұйымдастырылды.
Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде Халық Қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрме өтілді.
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің 10 жылдығына орай колледж жанынан салтанатты түрде мұражай ашылды.
Отбасылық тәрбиелеу
Мақсаты: Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.
Студенттердің отбасылық құндылықтарын сіңіру және ата-аналармен білім алушылардың заңды өкілдерімен өзара әрекеттесу, сондай-ақ білім беру сапасын жақсарту үшін ата-аналармен жарты жылдық сайын жиындар өтіледі.
1 қазан - халықаралық қарттар күніне «Қартын қадірлеген ел ардақты»
атты мейірімділік акциясы өтілді.
Рухания келісім күніне аясында «Отбасы татулығы – Отанның беріктігі»
атты мерекелік шара өтілді.
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты күйзеліс жағдайында психологиялық қолдау көрсету тренингі өткізілді.
Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы - бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтілді.
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Мейiрім төгетін ана» көрме, «Өнеге отбасынан» тәрбиелік сағаттар және «Жаңында жүр жақсы адам» тақырыбындағы бейнебаян өткізілді.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Еңбек және экономикалық тәрбие жасөспірімдердің және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.
Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйеніп, оқытушы білімалушының іскерлігін дағдысын, құлықтық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие» бағытында колледж студенттері арасында бала еңбегін пайдалануға тыйым салу туралы, бала құқықтары туралы Конвенцияны түсіндіру бойынша кураторлық сағаттар өткізілді.
Мамандықтар арасында «Мен қалаған мамандық», «Мамандықтар әлемі» атты апталықтар өтілді.
Колледж студенттері «Таза сенбілік» ұйымдастырып, колледж ауласына тал отырғызу, тыңайытқышпен баптау наурыз - сәуір айларына салт – дәстүр ретінде еңгізілген.
Жастар Ресурстық орталығы мен жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен “Алғашқы жұмыс орны” атты студенттермен жиыны өтілді. Жиында колледжіміздің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрлі және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие студенттермен жұмыс істеудегі маңызды бағыттардың бірі. Тәрбие жұмыс жоспары бойынша 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл - студенттік өмір» атты мерекелік кеші өтілді. Студенттер осы іс-шараға белсенді қатысып, үлкен әсер алды.
«Ностальгия» атты жас мамандар мен студенттер арасындағы топтық сайыс өтілді.
Колледж студенттері Құлсары қаласының туған күніне «Болашақ Құлсары» атты сурет салу сайысын ұйымдастырып, Жылыой ауданы тарихи – өлкетану мұражайына саяхат жасады.
17 наурыз «Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияда студенттеріміз қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екенін ұға білді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты әнұран айту челленджін орындап, ауданымыздағы колледждерге жолданды.
22 наурыз «Ықыласы үлкеннің батасында» атты мерекелік шарасы өтілді. Шараға ата-әжелеріміз шақырылып жастарға Наурыз тарихын айтып, ақ баталарын берді.
15 - қараша «Жұмыс берушілер күні» аясындағы іс- шара жалғасын тауып, серіктес мекемелерге соның ішінде мектеп, балабақша, банк, жұмыспен қамту орталығы, мүгедектер қоғамы және дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің басшыларына колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызының атынан «Алғыс хат» табысталды.
Worldskills Atyrau 2022 облыстық чемпионатында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша колледжіміздің атынан Бастауыш білім беру мамандығының 4 курс студенті Тұрманбетова Мира Бағытжанқызы қатысып қанжығасына жүлделі қола медальға иеленді.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында казіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
1 наурыз - Алғыс айту күні! Колледждің белсенді студенттері «Алғысым шексіз!» атты ұстаздарымызға алғыстарын жаудырып, мерекелік көңіл күй көтеретін іс – шара ұйымдастырды.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі. «Шуағын шашқан аялы алақан» атты Халықаралық әйелдер мерекесіне орай колледж ұлдарының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтілді.
Колледжішілік қыздар арасында «Көктем аруы - 2022» байқауы өтілді.
«Ұстаздық еткен жалықпас..» атты ұстаздар күніне орай колледж студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтілді.
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты студенттер шыршасы өтілді. Шара барысында «Color party» жаңа жылдық түстер кешімен жалғасты.
27 маусым күні “Сәт сапар, жас маман” атты диплом табыстау мерекелік кеші өтті. Диплом табыстау кешіне арнайы Жылыой ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ақназаров Нұрдаулет және «Жастар ресурстық орталығының» маманы Бисенова Айзада қоғамдық шараларға белсене ат салысқан студенттерімізді Алғыс хатпен марапаттады. Бастауыш білім беру мамандығының бітіруші түлегі, үздік диплом иегері Тұрманбетова Мира аудан әкімі Ж.Қаражановтың Алғыс хатымен марапатталды.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты: Дене тәрбиесі мен саламатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптас-тыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін алауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Өскелең жас ұрпаққа ауданымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатқан үлгісінде салауатты өмір салтын ұстануға, өз туған еліне қызмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Біздің спортшылар - біздің мақтанышымыз!» атты Жылыой ауданы спортшыларымен кездесу жиыны өтілді.
Дене шынықтыру және спорт мамандығы апталығында «Салауатты өмір салтын ұстау» атты студенттер арасында спорттық ойындардан сайыс сабақтары өтілді. Сайыста тоғызқұмалақ, асық ату, мергендік, ләңгі, күштесу және бес тас бойынша студенттер сайысқа түсті.
15 наурыз «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" ұлттық ойындар сайысы болып өтті. Сайыс "Қара жорға" биімен ашылды. Студенттер тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, бес тас, ләңгі тебу, қол күресінен сынға түсті.
Акция «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз!» атты ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кездесу жиыны өтілді.
Халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне орай «Шылым шегу адам денсаулығына қауіпті» атты акция өтілді.
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты колледжілік ұлдар арасындағы аяқдоп және қыздар арасында волейбол спорттық шарасы өтілді.
Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжінде тәрбие жоспарына сәйкес «Студенттік парламент» жүйесі құрылды. Студенттік көшбасшының мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Қыркүйек айында студенттік парламент жетекшісі сайланды. Осы мақсат аясында ұйымдастыру алқасы құрылды. Ұйымдастыру алқасына тәжірибелі мұғалімдер және жас мұғалімдер белсене атсалысты.
Белсенді студенттер арасында студенттік парламентке іріктеу жүргізілді. Сайлау колледжішілік және Instagram желісінде лүпіл басу деңгейде өтті.
Үміткерлер өз бағдарламасын қорғап, студенттердің анонимді түрде сайлаумен колледж президенті және министрлері сайланды.
Сайлау барысында Құқықтану мамандығының 3 курс студенті Гилятова Зульфинат Адгамқызы «Студенттік парламент» жетекшісі болып тағайындалды. Жүйе 8 фракциядан тұрады.
«Спорт және салауатты өмір салты»
«Ақпарат» фракциясы
«Өзін – өзі тану және бақыт» (психология) фракциясы
«Қамқорлық» (еріктілік) фракциясы
«Мәдениет және өнер» фракциясы
«Дебат қозғалысы» фракция
«Экология және еңбек» фракция
«Құқық және тәрбие» фракция. Әр фракция бойынша министрлер тағайындалды. Министрлер ұстаздармен бірлесіп іс – шаралар атқарады. Студенттік парламент бойынша кәзіргі таңда 30 шақты студент қамтылған.
Дебат қозғалысы бойынша «Мемлекеттык тіл - ортақ қазына» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге әр түрлі мамандықтар арасынан 6 студент қатысып,өз ойларын ортаға салды. Айтылған пікірлер мен ұсыныстарға қатысты көрермендер де өз нұсқаларын білдірді.
Дебат қозғалысы атауы «Намыс», барлығы 15 студент қамтылған.
Колледж студенттері облыстан, республика, әлем чемпионатынан жүлделі орындар иеленуде. Соның ішінде:
- Черногория мемлекеті, Подгорица қаласында /WT/ Таэквандодан «G -2 Montenegro Podgorica Open” Халықаралық туринеринде Жасөспірімдер арасында 55 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен колледждің “Дене шынықтыру және спорт”мамандығының 2 курс студенті Малик Мерей Жанатұлы жүлделі 3 орынға иеленді.
- Колледж «Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Малик Мерей Халықаралық деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетіп,жүлделі орындарға ие болған спортшы ретінде Жылыой аудан әкімі Арнайы «Алғыс хатпен» және сыйақымен марапатталды.
- Байқоңыр қаласында өткен самбодан студентіміз дене тәрбиесі және спорт мамандығының 2курс студенті Куттыбаев Нариман 58 кг салмақта ІІІ орынға ие болды.
- Самбо күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар және
қыздар арасындағы «Ақтау кубогы» Халықаралық турнирінде 58 кг салмақ дәрежесінде Құттыбаев Нариман ІІІ орын.
- «Арманы биік жас талант» байқауынан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Орысбаева Рысгүл жүлделі 2 орынға иеленді.
- Жылыой ауданының спорт саласына үлес қосқаны үшін «Үздік паралимпиада спортшысы» номинациясымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Тілеуқұлова Ақмөлдір Жылыой аудан әкімінен марапатталды.
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2004 -2007 ж.т. жасөспірімдер арасында гір тасын көтеруден аудандық жарыстан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Дусуп Бақтияр Мұратұлы жүлделі 1 орын иеленді.
- Worldskills Atyrau 2022 облыстық чемпионатында “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша колледжіміздің атынан Бастауыш білім беру мамандығының 4 курс студенті Тұрманбетова Мира Бағытжанқызы қатысып қанжығасына жүлделі қола медальға ие болды! Жетекшісі Айнагүл Нәсіпқалиқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.

