Сұлташева Зина Штаконовна
Мұнай және газ бөлімінің оқытушысы
Султашева Зина Штаконовна 1964 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. 1972-1982 жылдар аралығында Н.Островский атындағы орта мектепті бітірген.
1984-1987 жылдар аралығында Саратов қаласындағы Геологиялық барлау техникумын аяқтаған.
1990-1995жылдар Грозный қаласындағы Д.Миллионщиков атындағы Мұнай газ институтынан білім алған.
1993-1995 жылдары «Мұнай және газ геология» кафедрасында лаборант қызметін атқарған.
1995-1999 жылдары «Мұнай және газ геология» кафедрасында ассистент қызметін атқарып , «Структуралық геология» және «Мұнай және газ геологиясы» пәндерінен дәріс берген.
1996-1998 жылдары институт жанындағы аспирантурада оқыған , «Каспий ойпатының тұзды қабаттары» атты тақырыпқа материал жинақтаған –жетекшісі доцент А.И. Киселев
2001жылы Жылыой гуманитарлық –техникалық колледжіне «Мұнай -газ ісі» бойынша арнаулы пән оқытушысы болып жұмысқа орналасқан . Колледжде «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» , «Бұрғылау машиналары мен механизмдері» және «Жалпы мұнай және газ геологиясы» пәндерінен дәріс берген.
2005-2012 жылы Жылыой гуманитарлық – техникалық колледжінде директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2012 -2013 жылдары Жылыой мұнай газ технологиялық колледжіне келісім шарты бойынша арнаулы пән оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2013жылдан бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық- техникалық колледжінде мұнай- газ ісі бойынша арнаулы пән оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.