Похоже, мы не можем найти то, что вы ищете. Возможно, поможет поиск.
Похоже, мы не можем найти то, что вы ищете. Возможно, поможет поиск.
Сұлташева Зина Штаконовна
Мұнай және газ бөлімінің оқытушысы
Султашева Зина Штаконовна 1964 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. 1972-1982 жылдар аралығында Н.Островский атындағы орта мектепті бітірген.
1984-1987 жылдар аралығында Саратов қаласындағы Геологиялық барлау техникумын аяқтаған.
1990-1995жылдар Грозный қаласындағы Д.Миллионщиков атындағы Мұнай газ институтынан білім алған.
1993-1995 жылдары «Мұнай және газ геология» кафедрасында лаборант қызметін атқарған.
1995-1999 жылдары «Мұнай және газ геология» кафедрасында ассистент қызметін атқарып , «Структуралық геология» және «Мұнай және газ геологиясы» пәндерінен дәріс берген.
1996-1998 жылдары институт жанындағы аспирантурада оқыған , «Каспий ойпатының тұзды қабаттары» атты тақырыпқа материал жинақтаған –жетекшісі доцент А.И. Киселев
2001жылы Жылыой гуманитарлық –техникалық колледжіне «Мұнай -газ ісі» бойынша арнаулы пән оқытушысы болып жұмысқа орналасқан . Колледжде «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы» , «Бұрғылау машиналары мен механизмдері» және «Жалпы мұнай және газ геологиясы» пәндерінен дәріс берген.
2005-2012 жылы Жылыой гуманитарлық – техникалық колледжінде директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2012 -2013 жылдары Жылыой мұнай газ технологиялық колледжіне келісім шарты бойынша арнаулы пән оқытушысы болып жұмыс жасаған.
2013жылдан бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық- техникалық колледжінде мұнай- газ ісі бойынша арнаулы пән оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.
Аманқұлова Арайлым Асқарқызы
Педагог — психолог
Аманқұлова Арайлым Асқарқызы 1994 жылдың шілде айының 7 жұлдызында Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келді. 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша аяқтап, 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығының «Білім магистрі» ғылыми дәрежесін алды. 2016 жылдап бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Педагогика және психология» мамандығының арнаулы пән оқытушысы қызметін атқарып, қазіргі танда «Педагог — психолог» қызметінде. 2022 жылы «Педагог — модератор» біліктілігін алды.
Кенжеғұлова Жарқынай Лескенқызы
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Кенжеғұлова Жарқынай Лескенқызы 2011-2015 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылдан бастап №13 мектепте және Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруда.
Сабурова Асылжан Жалелқызы
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Сабурова Асылжан Жалелқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша білім алған. Алғаш еңбек жолын №22 мектепте бастап, 2019 жылдан бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруда.
Жақсыбаева Алмаш Рамазанқызы
Арнаулы пән оқытушысы
Жақсыбаева Алмаш Рамазанқызы 1961 жылы Атырау облысы, Сарқамыс поселкесінде дүниеге келген. 1968-1978 жылдар аралығында Абай Құнанбаев атындағы жоғары сатылы мектепте білім алған. 1978-1980 жылдар аралығында «Құлсарымұнай-газ» мекемесінде еңбек етіп, 1980-1982 жылдар аралығында Атырау облысы «Мәдени ағарту» училещесін бітіріп, 1982 жылдан бастап Жылыой аудандық орталықтандырылған кітапханада кітапхана меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнаулы пән оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.
Саматова Әйгерім Саматқызы
Арнаулы пән оқытушысы
магистр
Саматова Әйгерім Саматқызы 2015 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін Маркетинг мамандығын аяқтап, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммунациялар жүйелер университетіне Экономика мамандығына оқуға түсіп, 2018 жылы диссертация қорғаған. 2016 жылы Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде арнаулы пән оқытушысы болып қызмет атқаруда.
Бухарбаева Айымгүл Кабиденовна
Арнаулы пән оқытушысы
Бухарбаева Айымгуль Кабиденовна 1985 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы Тұрғызба ауылында дүниеге келген.
1992-2003 жылдар аралығында №4 М.Әуезов атындағы жоғары сатыдағы жалпы білім беру мектебінде оқыған. 2003-2008 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ институтының күндізгі бөліміне түсіп, іздестіру мен барлаудың геофизикалық әдістері мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, 2016-2018 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2012 жылдан осы уақытқа дейін Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу -тәжірибе ісі орынбасары және арнаулы пән мұғалімі міндетін атқарып келеді.
Ербулекова Жанаргул Таңатаровна
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы
Педагог-сарапшы
Ербулекова Жанаргул Танаровна 1972 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген.1979-1989 жылдар аралығында А.С.Макаренко атындағы жоғары сатылы мектепте білім алған.1989 жылы Құлсары «Балалар жасөспірімдер спорт» мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты.
2000-2005 жылдар аралығында Алматы облысы Қазақ спорт және туризм академиясына «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығын бітірген.
2011 жылдан осы уақытқа дейін Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Дене тәрбиелеу және спорт» мамандығының арнаулы пән оқытушысы болып қосымша қызмет атқарып келеді.
Темірханова Жадыра Қайырбекқызы
Құқықтану пәнінің оқытушысы
ІІ санатты
Темірханова Жадыра Қайырбекқызы 2012 жылы Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мекепті аяқтап, Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжіне Құқықтану мамандығы бойынша оқуға түседі. 2015 жылы оқуын аяқтап, осы аталған оқу орнына арнаулы пән оқытушысы болып жұмысқа орналасады. 2015 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2018 жылы Құқықтану мамандығы бойынша аяқтайды. Қазір Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық техникалық колледжінде Құқықтану пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда. ІІ санатты.
Асмандиярова Лилия Кажибалитовна
Арнаулы пән оқытушысы
Педагог-модератор
2011 жылдан бері осы аталған колледжде хатшы қызметін атқарып келеді.
2012-2016 жылдар аралығында Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша бітіріп, 2019 жылдан бастап «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнаулы пән оқытушысы ретінде қосымша қызмет атқарып келеді.
Умарова Гания Бодаубаевна
Орыс тілі пәнінің оқытушысы
ІІ санатты
Умарова Гания Бодаубаевна Тамбовский государственный педагогический институтын орыс тілі пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша аяқтаған. 1981 жылдан бастап Қосшағыл орта мектебінде жұмысқа орналасып, 2018 жылдан бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде орыс тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруда. ІІ санатты.
Жұмашева Гүлжан Тұрымқызы
Биология пәнінің оқытушысы
Жоғары санатты
Жұмашева Гүлжан Тұрымқызы Гурьев педагогикалық институтын 1981 жылы биология және қосымша мамандығы бойынша тәмамдаған.
1981-1987 жылға дейін А.Жданова атындағы №3 мектепте биология және химия пәнінің мұғалімі, 1987 жылдан 2003 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі, 2003-2014 жылға дейін осы аталған мектепте директор қызметін атқарған. 2014-2016 жылға дейін аудандық оқу бөлімінде биология химия пәні бойынша әдіскер болып, 2016 жылдан бері Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде биология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруда.
Абилгазиева Қалжан Жаксиевна
Арнаулы пән оқытушысы
Абилгазиева Калжан Жаксиевна 1953 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. А.С.Макаренко атындағы орта мектепті бітірген.
1970-1971 жылдары Атырау қаласында педагогикалық курсын және 1972-1977 жылдар Гурьев педагогикалық институттағы тарих-филология факультетін бітірген. 1971-1993 жылдар аралығында № 9 орта мектепте мұғалім, оқу-ісі меңгерушісі міндеттерін атқарған. 1993-2011жылдар аралығында №21 мектеп директоры болып тағайындалған. 2011 жылдан бастап Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжінде «Бастауыш білім беру» мамандығының арнаулы пән оқытушысы