kgtk.edu.kz

    Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыратын ол — әрине ұстаз. Сол ұлы тәрбиелі жолда колледжіміздің ұстаздарының еңбегі көп.

      2016 – 2017 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гулзия Закарьевна Жылыой ауданы әкімі «Алғыс хатымен», ардагер ұстаз «Бастауыш білім беру» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Абилгазиева Калжан Жаксиевна Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына орай «Төс белгімен» марапатталды. Жылыой ауданы «Тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырған аудандық «Білгірлер сайысында» оқытушыларымыз I орынға ие болды. 2016 жылы Құлсары қаласының 15 жыл толуына орай жоғары санаты оқытушыларымыз Абилгазиева Калжан Жаксиевна және Султашева Зина Штаконовна Жылыой ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталса, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гүлзия Закарьевна және колледж әдіскері Абдулова Гульзаря Марксовна Атырау облысы Білім беру басқармасының «Алғыс хатына» ие болды. 2016 жылы Ұстаздар күнінде арнаулы пән оқытушысы Бухарбаева Айымгул Кабиденовна Аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.

      2017 – 2018 оқу жылында «Мұнайшы қыздар – нар қыздар» атты облыстық байқауға колледжіміздің «Мұнай газ — ісі» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Султашева Зина Штаконовна қатысып «Алғыс хатқа» ие болды, 2017 жылы колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызы, колледж оқытушылары Абдулова Гульзаря Марксовна, Абилхайрова Гулзия Закарьевна, Темірханова Жадыра Қайырбекқызы, Саматова Әйгерім Саматқызы Жылыой ауданы Жастар ресурстық орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
      2017 жылы «Мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың психолог, логопед және дефектолог мамандарына арналған» «Мен және менің мамандығым» байқауында «Педагогикалық шеберлік» номинациясымен Абдулова Гульзаря Марксовна жүлделі III орын иеленді. Сонымен қатар, колледжіміздің «Мұнай газ — ісі» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Султашева Зина Штаконовна «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен және «Алғыс хатпен» марапатталды. «Спорт жұлдыздары» журналы редакциясының шешімімен «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі» үшін колледжіміздің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Ербулекова Жанаргул Танатаровна
«Төс белгімен» марапатталды.
      2017 жылы «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 білімнің үлесі» тақырыбында өткен аудандық тамыз кеңесінде колледж әдіскері Абдулова Гульзаря Марксовна Аудан әкімі «Алғыс хатына» ие болды. 2017 – 2018 оқу жылында «Мұнай газ-ісі» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Султашева Зина Штаконовна Атырау облысы Білім беру басқарасының «Құрмет грамотасына» , директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гулзия Закарьевна аудандық «Кең Жылыой» газетінің штаттан тыс тілшісі куәлігіне ие болды.
      2018 — 2019 оқу жылында колледж басшысы Абдигалиева Мадина Сабыржановна Білім министрі Е.Сағадиевтің «Құрмет грамотасына», арнаулы пән мұғалімі Султашева Зина Штаконовна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталса, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилхайрова Гулзия Закарьвна «Жыл жастар белсендісі» номинациясының иегері атанса, «Жылдың үздік жас маманы» Саматова Әйгерім Саматқызы атанды.

      2019 — 2020 оқу жылында колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабыржановна Құлсары қаласы мүгедектер қоғам бірлестігі және Жылыой ауданы тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хаттарымен», 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні мерекесінде «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің форумында колледж директоры Абдигалиева Мадина Сабыржановна Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. «Құқықтану» мамандығының оқытушысы Темірханова Жадыра Қайырбекқызы Жылыой ауданы әкімінің «Алғыс хаттымен», Атырау облысы Білім беру басқармасында өткен тамыз кеңесінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан «Алғыс хатқа» ие болды. Атырау облысы білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» Абдулова Гульзаря Марксовна, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» Жумашева Гүлжан Тұрымқызы марапатталған. Арнаулы пән оқытушысы Саматова Әйгерім Саматқызы Атырау облысы Білім беру басқармасының «Алғыс хатымен», колледж психологы Аманқұлова Арайлым Асқарқызы Атырау облыстық мәслихат хатшысының «Алғыс хатына» ие болды.
      2020 – 2021 оқу жылында Атырау облысы Білім беру басқармасынан «Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі еңбегі үшін» «Есеп және аудит» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Кулбалиева Акгул Темировна, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Асмандиярова Лилия Кажибалитовна, «Құқықтану» мамандығының оқытушысы Темірханова Жадыра Қайырбекқызы «Алғыс хатқа» ие болды.