kgtk.edu.kz

Абитуренттерге!

Құрметті мектеп түлектері!

      Сіздердің өмірлеріңіздегі ең басты – болашақ тағдырыңызды айқындайтын кезең де келіп жетті.
      Кім боламын, қандай мамандық таңдасам екен? Бұл сұрақтар баршаңызды толғандырады. Кімде –кім өз жолын нақты анықтаған да шығар, ал әлдекім әлі өз қалауын таба алмай жүрген болар. Қандай жағдай болса да, бұл сұрақтардың дұрыс жауабын табу сіздердің өздеріңізге байланысты. Кәсіби жоспарыңызда табысқа жетесіз бе, сұранысқа ие маман бола аласыз ба, өз мақсат –мүдделеріңізді жүзеге асыра аласыздар ма – осының бәрі сіздердің қазір қандай шешім қабылдайтындарыңызға байланысты.
      Әрине, сіздің кәсіби табысыңыздың кепілі –оқу орнында алған сапалы біліміңіз. Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі 9 жылдан аса жоғары білікті мамандарын даярлайды.
      Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі жұмыс берушілердің көбі үшін жұмысқа қабылдауда маңызды негіз болып табылады және бұл колледжде берілетін білімнің жоғары сапасының үздік дәлелдемесі.

      Біздің колледжді таңдасаңыз, сіз:

      Мамандықтардың әртүрлілігі сіздерді қызықтыратын мамандықты таңдауға мүмкіндік береді. Сіздер өміріңізде сенімді қорған болатын нақты достарды табасыз. Егер сіздер сұранысқа ие маман болғыларыңыз келсе, онда Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі – сіздерге қажетті оқу орны!
      Біз сіздерді күтеміз!
      Қош келдіңіздер!

      Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:

            1. Куәлік немесе аттестат қосымшасымен (түпнұсқа және көшірме);
            2. Туу туралы куәлік немесе куәлік көшірмесі; ЖСН;
            3. 3*4 сурет – 6 дана;             
            4. Медициналық анықтама №075у; флюрографиялық сурет;
            5.Егілу картасы №063 (күндізгі бөлімге);
            6. Бітірген мектебінен мінездеме (9-сыныптар үшін);
            7. Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦП).